СaspianLife, 27 мамыр — «Ryanair» ұшағында бомба бар деген хабарлама «Швейцариядан келген». Бұл – Александр Лукашенконың сөзі. Мұндай хабарламаны алғаш болып «Пул первого» телеграм-арнасы таратты.
Лукашенко оппозиционер Роман Протасевич отырған «Ryanair» ұшағын қондыру туралы мәлімдемесін Парламент және Конституциялық комиссияның мүшелерімен, Беларусьтің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесуде айтты.
«Ұшақтың миналанғаны туралы хабарлама Швейцариядан келді. Ұшақ БелАЭС маңына тоқтады. АЭС қауіпсіздік жүйелері толық жауынгерлік әзірлік режиміне ауыстырылса не болар еді? Беларусь егемен мемлекеттерге сай әрекет етті», — деді Лукашенко.
Оның айтуынша, арнайы қызметтер мұны жасауға мәжбүр болды.
«Біздің нысанда мина қаупі барда қалай әрекет етуіміз керек еді? Сіздер Беларусьте тұрғандықтан күнделікті мектептер, университеттер мен кәсіпорындарға «мина қойылатынын» білесіздер. Әр жағдайда біз алынған ақпаратқа дұрыс әрекет еттік», — деп жызылды Лукашенконың сөзі Telegram-арнада.