СaspianLife, 27 мамыр — 3 маусымнан бастап Air Astana Атыраудан Амстердамға аптасына бір рет тұрақты жасалатын халықаралық рейсті қайта бастайды, деп хабарлайды авиакомпанияның баспасөз қызметі.
Рейс жергілікті уақыт бойынша Атыраудан сағат 05:40-та ұшып 07:50-де Амстердамға келеді. Ал 11:50-де Амстердамнан Атырауға кері рейс орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 10 минут және 4 сағат 50 минут болады.
«Атырау-Амстердам» рейсі әр сәрсенбі сайын Атыраудан Франкфуртқа орындалатын рейсті толықтырады. Рейстер Air Astana серіктес авиакомпанияларының Еуропа мен Солтүстік Америкадағы рейстерімен ыңғайлы түйісуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.