СaspianLife, 27 мамыр — Атырауда маса улау жұмыстары 8 ай бойы, қарашаның соңына дейін жүргізіледі. Қазіргі кезде дезинсекцияға бөлінген 126 миллион теңгенің 26 миллионы игерілген.
Улау жұмыстарына 30 адам, 6 жел, 1 тұманды генератор және 2 су таситын көлік жұмылдырылыпты. Сәуірде басталған су қоймаларды дезинсекциялау мамыр айында да жалғасты. Қала сыртындағы елдімекендер де ұмыт қалған жоқ.
«Қазіргі уақытта көп қабатты үйлердің подьездері мен қасындағы учаскелерін улау, сосын ашық су бекеттерін улау жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек қаладағы ашық парктерді де улаудамыз. Сонымен қатар, қала қасындағы ауылдық округтерде Атырау, Дамбы, Кеңөзек, Алмалы, Қайыршақты, Еркінқалада масаға қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр», — дейді мердігер мекеме өкілі Нұрлыбек Ахмедияров.
Мердігер мекеме өкілінің сөзінше, масаға қарсы күрес 29 наурыз күні басталған. Бірақ, қала тұрғындары жасалып жатқан жұмыстан еш нәтиже жоқ деген пікірде. Өйткені, кешкілік демалуға шыққандар қансорғышқа таланып, үйлеріне қайтатын көрінеді.
Мамандар күннің күрт ысуы масалардың тез кобеюіне әсер етті дейді. Қансорғыштармен күрес барысында әкімдіктегілер қомақты қаражат бөлініп, жұмыстар жасалып жатқанын ауыз толтырып айтқанмен, нәтиже тұрғындарды қанағаттандырмай тұр.
Ақпарат көзі: caspianlife.kz