CaspainLife, 24 мамыр – 23 мамыр кешкілік қаладағы Берғалиев-Баймұқанов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, автобус жүргізушісі әйел адамды қағып, үстінен басып өткен. Бүгінде сол оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«94 жылы туған азаматша оқиға орнында қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша жүргізілуде», — дейді Атырау облыстық ПД ресми өкілі Гүлназира Мұхтарова.
Тергеп-тексеру жұмыстары нәтижесінде жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 23 мамырда кешкі сағат 20:00 шамасында болды. 57 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік бұрылыста жаяу жүргіншілер жолағынан жүгіріп өтпек болған 26 жастағы әйел адамды қағып кеткен еді. Өкінішке қарай, жүргінші сол жерде жан тапсырды.
Ақпарат көзі: CaspianLife