Бүгін, 16 наурызда қаланың түрлі ауданында жоспарлы түрде электр энергиясын беру тоқтатылады. Бұл туралы 109 Бірыңғай байланыс орталығы хабарлады.
«2021 жылдың 16 наурыз күні қолданыстағы трансформаторлық стансалар мен электр желілерінде кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында төмендегі мекенжайларда жоспарлы түрде жарық өшірілетінін хабарлаймыз:
сағат 14:00-17:30 — Балықшы, Қожакаев көшесі
сағат 10:00-18:00 — Уәлиханов көшесі, Редут көшесі, Заводская, Кушумская көшелері
сағат 09:00-12:30 — Балықшы, Құнанбаев көшесі
сағат 10:00-18:00 — СМП-136
сағат 10:00-13:00 — Еркінқала, 15-көше (28-көше мен Атамұра көшелері арасы)
сағат 14:00-18:00 — Еркінқала, 48-көше (28-көше мен Атамұра көшелері арасы)
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.