Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі 4 а шағынаудандағы «Жартасты соқпақ» маңынан табылды. Бұл туралыМаңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған. «Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», — дейді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, 25 ақпан күні әйел Ақтау қаласының полиция бөліміне қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.