Азғыр өңіріне интернет желісі тартылды. Осыған дейін жергілікті тұрғындар оны пайдалану үшін 300 шақырым жерде орналасқан аудан орталығына баратын.
Ал, биылғы жылдың басында 1300-ден астам тұрғыны бар Асан ауылдық округіне қарасты 2 ауылға үш және алты метрлік дербес қабылдау қондырғысы бар 2 мұнара орнатылды. Алайда шағын қондырғының тарату аумағы тек 3 шақырымды қамтиды.
Дегенмен мамандар алдағы уақытта мұндағы интернет жүйесін жақсарту жұмыстары жүргізіледі деп отыр.