ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19-қа қарсы вакцинациялау не үшін қажеттігін түсіндіріп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Көптеген азаматтарымыз өздерінің күнделікті ісімен айналысуға кірісіп, тіпті бұл инфекцияны ұмытып та кетті. Бірақ, елде инфекцияның таралуына, күн сайын ауруға шалдығудың 700-800 жағдайының тіркелуіне байланысты және жұқпалы ауру таралуының алдын алу үшін көптеген ел жаппай вакцинация жүргізіп жатыр.
Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталды», – деді Ажар Ғиният №6 емханада вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін.
Сонымен қатар ол Денсаулық министрлігінің басшылығы вакцинаның екінші дозасын да неліктен жария түрде алғандығын түсіндірді.