Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мереке күндері сауда, ойын-сауық орталықтары қандай тәртіпте жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері үшін жұмыс күндері қызмет ету режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленді. Яғни, жексенбі күні олардың жұмысына тыйым салынады.
Бұл нысандардың ішіндегі дәріханалар, азық түлік сататын мини-маркеттер, гипермаркеттер мен супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істейтін болады», — деді Ж. Пірәлиева онлайн брифингіде. Бұдан бұрын хабарланғандай, елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.