Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жалған ПТР-сынаманың нәтижесімен Теңіз кен орнына кіруге тырысқан. Бұл туралы «Теңізшверойл» компаниясының өкілі арнайы брифингте мәлімдеді.
Оның сөзінше, вирус жұқтырғандардан ауру белгілері байқалмайды. Соған байланысты карантиндік шаралар қатаң сақталуда. Санитарлық бекеттер қойылып, науқастар оқшауланып, кен орнына кіру кезінде жұмысшылар міндетті түрде ПТР-сынама тапсырады.
Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «Теңізшевройл» ЖШС үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімнің бас менеджері
Жақында Теңіздегілердің денсаулығына қауіп төндіретіндей жағдайлар анықталды. Кей ұйымдардың қызметкерлері санитариялық посттардан ПТР сынаманың жалған анықтамасымен өтпек болған. Тиісті мемлекеттік органдарға дер кезінде хабарлама жіберілді, ресми түрде тергеу жүргізілуі тиіс.
Бүгінде кен орнында вирус жұқтырғандар үшін 315 орын дайын тұр. Қазір онда 174 жұмысшы емделуде. Бүгінге дейін мұнда жасалған ПТР-сынаманың саны 167 мыңнан асады, бұл — жан басына шаққанда елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «Теңізшевройл» ЖШС үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімнің бас менеджері
Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, Құлсары қаласында 65 мыңнан астам тұрғын болса, біз одан үш есе көп жанға ПТР сынамасын өткіземіз.
Қазір «Теңізшевройл» компаниясындағы жұмыс қалыпты жалғасуда. Бірақ қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін қажетті шаралар әлі де жүргізіле бермек.