Атырауда әлі қата қоймаған мұздың үстіне шыққандарды тоқтату мүмкін болмай отыр. Қалыңдығы 5 см ғана болатын жұқа қатқақта басын бәйгеге тігетіндердің көбі – балықшылар.
Қауіптің алдын алу мақсатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кезекті рейдке шықты. Дегенмен өз өміріне қауіп төндірген тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілмеді, хаттама толтырылмады.
Еламан ХАБИБУЛИН, Дамбы инспекция бөлімінің басшысы
Бүгінге дейін 50 шақты заңсыз ау құралын шығардық. Жайық бойын жағалаған атыраулқтарға мұздың өте қауіпті екенін айтқым келеді. Ойнайтын жер емес. Заңсыз балық аулаумен айналысса да, біз үшін, ең алдымен, олардың өмірі маңызды.