Атырау облысында 25 мешіт бой көтермек. Әзірге тек біреуінің құрылысы аяқталып, үш ғимараттың құжаттары рәсімделу үстінде.
Жалпы, өңір бойынша 31 мешіт жұмыс істейді. Дегенмен тұрғындарға ол аздық ететін көрінеді, мешіттің қажеттілігі жөнінде түсетін өтініш көп-ақ. Енді бұл жұмыстар демеушілердің қолдауы арқылы жүзеге асырылмақ.
ҚаҺарман МҰСАЕВ, Атырау облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы
Біз тек діни бірлестіктерінің қызметіне құқықтық қолдау білдіре аламыз, қажетті құжаттарын рәсімдеуге көмектер бере аламыз. Ал қаржыландыру мәселесінде тек жеке кәсіпкерлердің, демеушілердің арқасында салынатын болады. Мешіттің салынуына қаражат халықтан да жиналады.
Бөлім басшысының сөзінше, мешіттер тұрғындардың өтінішіне сәйкес облыс орталығы мен барлық ауданда тұрғызылады. Алайда нақты уақыты белгісіз. Анығы – құрылыс жұмыстары тұрғындардың келісімі арқылы және халық жиі шоғырланатын жерлерде жүргізілмек.