Қараша айында армяндардың әскери қоймасында болған жарылыстан кейін Таулы Қарабақ жерінде жүздеген жарылмаған оқ-дәрі қалып қойған.
Енді жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Тhe HALO Trust» халықаралық үкіметтік емес ұйым сарапшыларының алдында осы аумақты тазарту міндеті тұр.
Кун ван дер Вест, «The HALO Trust» инспекторы
Бұл жерлермен бұрын да ерекше абайлықпен жүретінбіз. Бірақ осы жолы аумақ жарылмаған заттарға толы. Араларында пайдаланылған минометтер де бар, бірақ олардың да ішінде жарылғыш зат қалып қоюы әбден мүмкін. Сол себепті осы жерде жатқан кез келген қару қауіпті.
Кейбір жарылғыш құрылғыны сол жерден жоюға болса, кейбірін басқа жерде залалсыздандыруға тура келеді. Араларындағы ең қауіптісі – тұтандырғышы бар жарылғыш заттар. Сарапшылар аумақты толық тазарту үшін жылдар кетуі мүмкін дейді. Оларға Ресей Қарулы Күштерінің саперлері көмектесуде. Ереванға Ресей Қорғаныс министрлігінің Халықаралық минаға қарсы орталығының жүз маманы, техникасы және қызметтік иттері жеткізілді. Аталған залалсыздандыру жұмысы Таулы Қарабах әкімшілігінің өтінімі бойынша жүргізілуде. Баку Әзербайжанның бақылауына өткен аудандарды минадан тазартуға 13 жылдай уақыт кетеді деп мәлімдеді. Дүйсенбі күні Тертер ауданында болған мина жарылысынан орыс офицері жарақат алып, әзірбайжандық әскер көз жұмған.