Қытайлық «Чанчжэн-5» (CZ-5) зымыран тасығышының «Чанъэ-5» аппаратын орбитаға шығаруы сәтті өтті. Егер тапсырма бекітілген кесте бойынша орындалатын болса, спутник сегіз күннен кейін айға қонып бұрғылау жұмыстарын бастау керек.
Ғарыштық аппарат тиісті құралдармен жабдықталған. Құрылғы шамамен 2 келі топырақ, қиыршықтас және тау жыныстарын жинайды деп болжануда. Бұл материалдарды зерттеу қытайлық мамандарға айға ғылыми база салу дайындығын бастауға мүмкіндік береді. Ай топырағы алғаш рет 1969 жылдың шілдесінде «Аполлон-11» ғарыш кемесімен Жерге жеткізілген еді. Ал 1970 жылы дәл осындай миссияны «Луна-16» кеңестік аппараты орындады. Айдың тау жынысы арнайы контейнерлерде, төмен температурада және вакуумде сақталады. Қытай халық республикасы іске қосқан құрылғының атауы Қытай аңызындағы кейіпкердің құрметіне қойылған.