Биыл Маңғыстау өңірінде жыл соңына дейін бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандар іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.
Солардың бірі – Түпқараған ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика. Жалпы құны 5 млрд. теңге болатын жоба аясында 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.
Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі
Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында құрама жем зауыты, Жаңаөзенде газ өңдеу зауытына қажетті энергия өндіретін кәсіпорын, Жетібайда жел электрстанциялары ашылады. Биыл онкологиялық диспансердің де құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Ақтауда жұқпалы аурулар ауруханасы, 900 орындық жаңа мектеп, кітапхана мен көпсалалы спорт кешенін ашып, халықтың игілігіне береміз.