Түркияда вирус жұқтырғандар мен өлім-жіті көрсеткіші қауіпті деңгейге жетті, деп хабарлайды 24.kz порталы. Соған байланысты жаңа шектеулер енгізілді. Ол туралы ел басшысы Режеп Ердоған мәлімдеген.
Жаңа тәртіпке сай темалыс күндері тұрғындарға таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 8-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады. Сауда орталықтары мен дүкендердің жұмыс уақытына да шектеу қойылған. Мейрамхана мен дәмханалар тек жеткізу қызметі бойынша ғана қызмет атқарады. Ал оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуы жыл соңына дейін ұзартылған. Кинотеатрлар жабылып, спорттық шаралар көрерменсіз өтетін болды.
Сондай-ақ, мұражай мен өнер орталықтары және басейндер де өз жұмысын тоқтатады. Түркияда бүгінгі күнге дейін 420 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған.