«SCAT» әуе компаниясының ұшағы әуежайға тағы да қайта оралуға мәжбүр болды. Мұндай жағдай бір аптада екінші мәрте қайталанып отыр.
Осыдан бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанға бағыттаған әуе кемесі бір топ құсқа соғылып, Атыраудағы айлаққа қайта қонған. Оқыс оқиға жолаушылардың наразылығын тудырды. Алайда бұл жолы құс та кездеспеді, ел де дүрлікпеді. Компания өкілдерінің хабарлауынша, ұшақ ішінде кондиционер жүйесінің индикациясы іске қосылып, командир қайта оралуды жөн деп тапқан. Яғни, ұшақ қалыпты режимде қондырылды.
Виктория СТАРОЖИЛОВА, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ бөлім басшысы
Атыраудан–Алматы рейсі таңертеңгі уақытқа ауыстырылып, өзге қаладан келгендер үшін барлық жағдай жасалды. Борт штатты режимде қондырылды. Жолаушының бәрі Алматыға жеткізілді.
Айта кетейік, ұшақ ішіндегі кондиционер жүйесі борттағы ауа қысымы мен температураны қалыпты деңгейде ұстап тұруы үшін қажет.