Ақтауда 300-ге жуық жуық үлескерді алдаған «Тастемір–ЛТД» құрылыс компаниясының басшылығы қолға түсті. Алаяқтығы үшін қамауға алынған мердігерлер бұған дейін арзан жарнамамен салымшыларды қызықтырып, қаражатын алып келген.
Бірі сегіз жүз мыңдап салса, тағы бірі 15 миллион теңгеге дейін қолма-қол санап берген. Компания белгіленген мерзімде баспана кілтін тапсыру былай тұрсын, тіпті, құрылысы аяқталмаған бір пәтерді бірнеше адамға сатқан. Одан қалды, құрылыс нормаларын бұзып, әкімдіктен еш рұқсат алмағаны анықталды. Қазір мекеме басшылығының үстінен іс қозғалып, тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
Әйгерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облысы ПД бөлім басшысының міндетін атқарушы
«Тастемір–ЛТД» басшысы ҚР Қылмыстық Кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда 124-бап бойынша қажетті тергеу іс шаралары жүргізілуде. Тергеу полиция департаменітінің толық бақылауында болады.
Алаяқ компанияның кесірінен не ақша, не пәтерсіз сенделген үлескерлердің тағдыры әзірге белгісіз.