2019 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да алғаш рет «Мұнайшылар демалысы» бағдарламасы іске қосылды.
Компанияға қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі жатақханаларда жатып, ауысымдық әдіспен еңбек ететін мұнайшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ондағы спорт бұйымдары, музыкалық аспаптар толығымен жаңартылды.
Мұнда кітап бұрыштары ұйымдастырылып, мұнайшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақыттарында кітап оқумен, спортпен айналысуларына барлық жағдайлар жасалған.