Әлеуметтің әлеуетін дамытуға тұсау болар көлеңкелі экономикамен күресу мақсатындағы жұмыстар ұдайы жүргізілмек. Бұл туралы осы сала өкілдерінің Индер ауданында өткізген кездесуінде айтылды.
Басқосуда мемлекеттің 2020-2025 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органдармен салық салу базасын ұлғайтуда атқаратын өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Нұрболат САРМАНОВ, Атырау облыстық МКД басқарма басшысы
Негізгі себеп – салық және кеден заңдылықтарын түсіндіру. Азаматтық инститтутар мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген сұрақ қойылды. Негізгі біздің мақсат – көлеңкелі экономикамен күресу, цифрландыру бағдарламаларын енгізу. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Екіншіден, халықтың алтын уақытын тиімді пайдаланады. Үшіншіден, әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіреді.
Жиынға қатысқандар тарапынан мемлекеттік жоспар төңірегінде бірнеше сауал қойылды. Аталған сұрақтарға облыстық басқармадан келген мамандар жауап қайтарып, көлеңкелі экономикамен күрестің ортақ жұмыс екенін тағы бір мәрте түсіндірді. Тапқан табысын жасырмай, анық көрсеткен жағдайда сыбайлас жемқорлықтың жолына тұсау болатынын да еске салды.