Орталық Еуропа елдері коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталуына байланысты жаңа шектеулер енгізді. Словения тұрғындарына тұрғылықты жерден кетуге тыйым салынды. Сондай-ақ, жоспарлы медициналық көмек көрсету қызметі екі аптаға тоқтады.
Сенбіден бастап мейрамханалар, сұлулық салондары мен азық-түлік сатпайтын дүкендер жабылып, мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Чехияда бір апта ішінде 15 мың адамда коронавирус жұқтырған. Билік шекараны жауып, шетелдіктерге ел аумағына кіруге тыйым салды. Жергілікті тұрғындардың аса қажеттілік болмаса көшеге шығуына рұқсат жоқ. Бүгіннен бастап Чехияда сағат кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейін комендаттық сағат енгізілді. Словакия елі коронавирусты анықтау мақсатында жалпыұлттық тестілеу өткізбек. Елдегі 5 жарым миллион адамның бәрі сынама тапсыруға ниетті. Бұған дейін тексерістен өткен 140 мың адамнан инфекция анықталмаған.
Ал Венгрия пандемия кезіндегі өлім рекордын жаңартты. Онда бір тәулікте 63 адам көз жұмған. Олардың көбі – созылмалы ауруы барлар мен қарт адамдар. Коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны мың жарымнан асқан.