Францияда пандемияға қарамастан Канн фестивалі ашылды. Бес айға кешіккен шара қысқартылған форматта өтіп жатыр.
«Люмьер» байқау залында 4 толықметражды, 11 қысқаметражды фильм және әлемдік киномектептердің 17 жұмысы көрсетілетін болады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Биылғы байқау алғаш рет төрағасыз өтіп жатыр.
Фестиваль француз режиссері Эммануэль Куркольдің «Триумф» фильмімен ашылды. Бұл түрмеде «драмалық өнер» сабағынан дәріс беретін әйгілі актер туралы комедия. Басты рөлде Кэд Мерад ойнаған. Сондай-ақ, Сан-Себастьянда өткен фестивальде ең жақсы фильм мен режиссура үшін сыйлық алған Деи Кулумбегашвилидің «Начало» картинасы да көрсетілмек. Шара қорытындысы 3 күннен кейін белгілі болады.