Атыраудағы № 4 қалалық емханада дене температурасын автоматты түрде өлшейтін тепловизор іске қосылды.
Кіреберіске орнатылған құрылғы медициналық масканың дұрыс тағылуын да бақылайды. Олай болмаған жағдайда дабыл қағылып, дауыстық хабарлама арқылы ескерту жасалады.
Майра МҰСАҒАЛИЕВА, емхана тіркеушісі
Құрылғы емханаға келгендерді қабылдау уақыты мен деректерді анықтау дәлдігін едәуір жылдамдатуға септігін тигізеді. Жаңа жабдық әр келушіні сканерлейді. Дене қызуы жоғары болса, компьютер мониторында қызыл белгі пайда болып, дабыл қағылады. Осылайша, науқастар жедел түрде оқшауланады.
Жоба пилоттық режимде және толықтай демеушілік қаражатқа жүзеге асырылады. Жаңа жабдықтар бірнеше ай бойы сынақтан өтеді. Тиімділігі расталса, құрылғылар облыстағы өзге де ауруханаларға орнатылмақ.