Мәдениет үйінде өткен салтанатты шара барысында аудан басшысы Шәкір Кейкин он педагогты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапаттады. Сондай-ақ, тағы 19 мұғалімге облыс, аудан әкімінің және облыстық білім беру басқармасының, аудандық мәслихаттың алғыс хаттары табыс етілді. Солардың бірі – білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, тәжірбиелі маман Жаңыл Жоламанова.
Жаңыл ЖОЛАМАНОВА, бастауыш сынып мұғалімі
— Мақат ауданы, Бәйгетөбе мектеп бөбекжай кешенінде биыл 40 жыл еңбек етіп келе жатырмын. Бастауыш сыныптар арасында. Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ұстаздық еңбектің жемісін көріп, бүгін үлкен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің алғыс хатымен марапатталып отырмын. Өте қуаныштымын. Ұстаздарға жас мамандарға тек қажымай, талмай ерінбей шығармашылықпен жұмыс істей беріңіздер дегім келеді.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Жалпы, Мақат ауданында жаңа оқу жылын 6 160 оқушы бастады. Бастауыш сыныптар үшін 84 кезекші сынып ашылып, онда 989 оқушы білім алуда. Сондай-ақ, жалпыға міндетті оқу қорынан аз қамтылған отбасылардың 721 оқушысына 25 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген.