Өңірде тұмауға қарсы екпе салдыру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпті топқа кіретін тұрғындарға тегін екпе қарастырылған. Оған иммундық төтеп беру қабілетінің төмендігі себеп. Мамандар коронавирус індетінен жазылып шыққандарға да вакцинаны салуға болатынын айтады.
Ақмарал САҚЫПОВА, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы
Тұмау вакцинасын короновирустық инфекциядан ауырып жазылғандарға болады, бірақта жоғары температура кезінде немесе аурудың өршуі кезінде вакцина салуға тыйым салынған.+01:05 Оқушылар негізі атап кеткен қауіпті топтар құрамына кірмейді , ата-анасының шешімімен вакцина алуға болады.+01:20 Қазіргі уақытта облыс бойынша вакцинация 80-70 пайызға дейін қамтыды тұрғындарды, бірақта солардың арасынан соған қарамастан бас тартып жатқан тұрғындарда бар .Соған орай емханалардың учаскелік дәрігерлері және медбикелер насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыста вакцинаның кері әсері туралы мағлұмат тіркелмеген. Әйтсе де, ақуызға аллергиясы бар немесе осыған дейін екпеге қарсы аллергиясы болған және жүктіліктің алғашқы айларында жүрген жандарға оңай тимеуі мүмкін.
Дегенмен дәрігерлер вакцинаны уақытылы салдыру арқылы тұмауға төтеп бере алуға болатынын айтады.
Бексана МАҒАУИЯ, дәрігер
Вакцинадан кейін бір аптаның ішінде иммунитет түзіліп, а және б типті гриппке қарсы адамда антидене түзіледі. Яғни, иммунитет пайда болады. Вакцинадан ауырған күнде де жеңіл дәрежесімен ауырады.Жанағы қандай да бір асықынулар бронхит, пневмония, прибрит асқынулар болады. Өкпенің қабыну аурулары.Осы асқынуларды болдырмау мақсатында салынып отыр.+03:05 Сондықтан тұрғындарды вакцинаға жаппай келуге шақырамыз, ешқандай қарсы реакция әлі күнге дейін анықталған жоқ.
Ал қала тұрғындарының екпе қабылдауға келгенде екі түрлі көзқараста екенін білдік.