Атырау облысында күзгі әскерге шақыру басталды. Жоспар бойынша өңірден 640 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Қазірдің өзінде 30-дан аса ер-азамат қарулы күштердің қатарын толықтырып үлгерген.
Коронавирус қаупіне байланысты сарбаздардың саулығы алдын ала тексеріліп, әскери дайындықты бастамас бұрын екі апта карантинге жатқызылады. Олардың індеттен аман екеніне көз жеткен соң ғана сапқа тұруға рұқсат етіледі дейді маман.
Айдос АМАНҒАЛИЕВ, қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысың орынбасары:
Әскерге іріктеу жұмыстары азаматтың денсаулығына, дене дайындығына, психологиялық жағдайына байланысты өтеді. Сондай-ақ, алған біліміне қарай іріктеу жұмыстарын жүргіземіз. Күзгі әскери қызметке шақыру кезінде барлық талаптар қатаң сақталып, медициналық пост ұйымдастырылған. Жалпы, әскерге баратын азаматтар 3 күн бұрын ПТР-тесттен өтеді.