Индердегі праймеризге қатысушылар аудандық мәдениет үйіне жиналды. Алдымен санитария талаптарына сәйкес, арнайы тексеріс өтті. Олар өздеріне берілген 5 минутта өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Келесі кезеңде үміткерлер бір-біріне өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Әрқайсысы шама-шарқынша жауап беруге тырысты. Түрлі бағытты қамтыған сұрақтардың арасында жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту, жаңа мамандықтарға бейімдеу, Жайық өзенінің жағдайы, сондай-ақ, елдегі індеттің екінші толқынына дайындық турасында мәселелер қамтылды.
Индерлік үміткерлердің арасында дәрігер, кәсіпкер, мұғалім, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары бар. Алда 9 пікірсайыс өткізу көзделген. Оған қалған 44 үміткер қатысып, сөз аламанына түспек.