Рахат ауылы жарықтандырылып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімі Өсербай Табыншаевқа сілтеме жасап Маңғыстаумедиа хабарлады.
Әкімнің айтуынша, 45 мың тұрғыны бар ауылда 8 858 дана көше жарық бағанасы бар.
Өсербай ТАБЫНШАЕВ, әкім:
– Көше жарығы кез келген ауылдың бет-бейнесін көрсетеді. Өңірдің келбетін айшықтайтын көше шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады. Осы орайда, «Жұлдыз» шағынауданының Шерқала көшесінде және Құланды тас жолында орналасқан көшенің жарық бағаналарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, замануи жарық диодты шамдар орнатылды.
Рахат ауылындағы Т.Айдаров пен Ө.Балғымбаев даңғылының бойына жарық диодты бағаналар орнатылып жатыр. Ө.Балғымбаев даңғылында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал Т.Айдаров даңғылындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталады.