CaspianLife, 18 қараша. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне Рамиль Халауетдинов тағайындалды.
Рамиль Аханұлы Халауетдинов 1995 жылы 27 мамырда Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Балқұдық ауылында дүниеге келген.
2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін, 2017 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмамдаған. 2023 жылы Ресейдің Мурманск қаласындағы Жоғары басқару мектебінде білім алған. Мамандығы бойынша экономист және инженер.
Еңбек жолын 2015 жылы «АЯН-АРС» ЖШС-де қаржы директоры болып бастап, аталған қызметті 2017 жылға дейін атқарған.
2018 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторына маман болып жұмысқа орналасқан.
2020 жылғы ақпаннан мамырға дейін бас маман міндетін атқарушы, ал 2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы тамызға дейін осы сектордың бас маманы қызметін атқарған.
2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы маусымға дейін мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторын басқарған. Ал 2023 жылғы маусымнан 2024 жылғы ақпанға дейін мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу секторының меңгерушісі болған.
2024 жылғы 1 наурыздан бастап Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Енді Рамиль Халауетдинов Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

