Гаитидің солтүстігінде Тортуга аралынан адамдар тасымалдайтын қайық аударылды.
Салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, бірнешеуі із-түссіз жоғалып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, қайыққа жолаушы мен жүк артығымен тиелген көрінеді. 9 адам құтқарылып, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Ал жоғалған адамдар саны әзірге белгісіз.