CaspianLife, 25 маусым. Қазақстан ішкі нарықтағы жанармай тапшылығының алдын алу мақсатында импорттық отынға салынатын кедендік баж салығын нөлге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сенаттағы брифинг барысында Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова мәлімдеді.

