Әлемде алғаш рет дене қызуын өлшеуге арналған смартфон шығарылды. Бұндай құрылғыныны жасақтауға 4 ай уақыт кеткен.
Коронавирус жұқтырған адамның ең алдымен ыстығы көтеріліп, тынысы тарылады және құрғақ жөтел пайда болады. Бұл смартфон дене қызуын жиі тексеріп отыру арқылы ауруды асқындырмай, оны дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Ақылды құрылғының бағасы 100 доллар тұрады. Ал электронды қызу өлшегіш одан да қымбат, эпидемия өршіп тұрған кезде оның құны 400 долларға дейін жеткен .