Caspianlife, 22 мамыр. Атырауда қаладағы саябақтардың бірінің басшысына шабуыл жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы екі жігіт ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар әйелдің үйіне заңсыз кіріп, оған пышақпен жарақат салып, ақша мен бағалы заттарын алып кеткен.
Зардап шеккен әйел аман қалып, бірнеше күн ауруханада ем қабылдаған. Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де қамауға алынған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық», «Адам өлтіруге оқталу» және «Қарақшылық» баптары бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

