Caspianlife, 2 сәуір. 1–30 сәуір аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне 25% көктемгі жеңілдіктер енгізеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңілдік шарттары көрсетілген кезеңде әрекет етеді және жол жүру құжаттарын рәсімдеу ережелері сақталған жағдайда қолданылады.
Жолаушыларға келесі бағыттар бойынша жоғарғы сөрелерге 25% жеңілдік ұсынылады:
- №105/106 «Петропавл – Алматы»
- №77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Сонымен қатар, жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздарға ғана қолданылатыны нақтыланды.
Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ вокзалдардағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.