Caspianlife, 1 сәуір. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның үш өңірінде – Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өтуде.
Осыған байланысты кейбір әуесқой балықшыларда спорттық-әуесқой балық аулауға қатысты сұрақтар туындады. Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың түсіндіруінше, «Бекіре» акциясы аталған үш өңірде жыл сайын өткізіледі және ол қарапайым әуесқой балықшыларға ешқандай қатысы жоқ.
«Атырау облысында спорттық-әуесқой балық аулауға тыйым 15 мамырдан басталып, дәл бір ай — 15 маусымға дейін жалғасады. 15 мамырға дейін қармақпен балық аулайтын әуесқойларға алаңдауға негіз жоқ. Ең бастысы — спорттық-әуесқой балық аулау қағидаларын сақтап, су айдындарының жағалауында қоғамдық тәртіпті бұзбау қажет», — деді О.Тушканов.

