CaspianLife, 11 наурыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктері бағытында жасалған зымырандық соққылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарын айыптады. Бұл шабуылдар салдарынан бейбіт тұрғындар арасында көптеген құрбандар болып, азаматтық инфрақұрылым нысандарына зақым келген.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы мұндай әрекеттерді мүлде қабылдауға болмайды деп санайды, себебі олар Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың қауіпті деңгейде ушығуына алып келуі мүмкін.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтің пікірінше, халықаралық даулы мәселелердің барлығын шешудің ең дұрыс жолы — дипломатиялық тәсілдерді қолдану», — деп жазды Айбек Смадияров.