CaspianLife, 22 ақпан. Маңғыстау облысында «Технодом» дүкені қызметкерлерімен алдағы референдумға байланысты кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жиында Жаңа Конституциядағы өзгерістердің мазмұны кеңінен түсіндірілді. Ұжым мүшелері ел үшін маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, өз таңдауларын жасайтынын айтты.
Сатушы-кеңесші Ақкүміс Базарбаева да референдумға қатысатынын жеткізді.
— 15 наурыз күні өтетін референдумға өзім міндетті түрде барамын. Бұл — әр азаматтың таңдауы маңызды болатын күн. Ұсынылған өзгерістердің ішінде неке мәселесіне қатысты нақтылау бар. Заңда тек ер мен әйелдің некесі ғана заңды деп белгіленеді. Бұл шешімді қолдаймын. Баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын, — деді Ақкүміс Базарбаева.

