CaspianLife, 18 ақпан. 17 ақпан күні Доссор кентінде 10 сынып оқушысы өз өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету бойынша іс қозғап, тергеу басталды.
2009 жылы туған қыз бала Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектепте білім алған. Мектеп директорының айтуынша, ол шығармашылыққа жақын болған. Толық отбасында тәрбиеленген. Осы жағдайдан кейін мектеп жанынан мобильдік топ құрылып, білім беру басқармасы тарапынан тексеру басталып кеткен.
(Дереккөз: Caspian New телеарнасы)

