CaspianLife, 13 ақпан. Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал 20 наурыз — Ораза айт мерекесі.
Бұл туралы елордада өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Сондай-ақ пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекітілді.
Рамазан — һижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және жаман әдеттерден тыйылып, ораза ұстайды.
Айта кетейік, Атырауда Рамазан айына орай бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар Иманғали орталық мешіті 250 адамға арналған ауызашар беріледі.

