CaspianLife, 13 ақпан. Наурыз мейрамына орай Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Әзербайжан астанасына рейстер санын көбейтеді.
Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау–Баку–Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына үш ретке дейін көбейтіледі: 18 наурыздан бастап рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады; сәуір айынан бастап — сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері.
Атыраудан Бакуға ұшу уақыты 1 сағат 25 минутты құрайды. Эконом-класс билетінің бағасы (барлық алымдармен бірге) Атыраудан ұшқанда 97 093 теңгеден басталады. Билеттерді ресми сайттан, мобильді қосымшадан немесе аккредиттелген туристік агенттіктерден сатып алуға болады. Қазақстан азаматтарына Әзербайжанға сапар шегу үшін виза қажет емес.

