Caspianlife, 10 желтоқсан. Мәжіліс жеке күзет ұйымдары мен қару иелеріне мемлекеттік бақылауды күшейтетін күзет қызметі мәселелері жөніндегі заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Мәжіліс Парламентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, заңда азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы қару иелері оны бақылау мақсатында оқ атуға міндетті түрде ұсынуға тиісті. Бұл рәсімді уақытында өтпеген жағдайда ІІМ бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.
Қызметін уақытша тоқтататын қаруы бар заңды тұлғаларға қаруды және оқ-дәрілерді 10 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына тапсыру талабы енгізіледі.
Заң күзет қызметімен айналысатын субъектілерге бірқатар жаңа міндеттер жүктейді:
— уәкілетті органға міндетті есептілік тапсыру,
— қызметті тоқтату немесе қайта бастау туралы 5 жұмыс күні ішінде хабарлау.
Сондай-ақ жеке күзет ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларына, қатардағы күзет қызметкерлеріне қойылатын міндетті талаптар нақтыланады.
Заңда «әскерилендірілген теміржол күзеті» ұғымы енгізілді — оның бақылау үлесі ұлттық холдингке немесе теміржол компаниясына тиесілі құрылым. Оның міндеті транзиттік теміржол маршруттарындағы жүк пен нысандардың үздіксіз қорғалуын қамтамасыз ету болады.
Сонымен қатар түзетулер мемлекеттік бақылаудың пулегильзотека қалыптастыру тәртібін нақтылайды. Бұл әлеуетті құрылымдардың қаруын да қамтиды.

