CaspianLife, 2 желтоқсан. Таратылып жатқан «00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ» деген хабарлама – фейк. Мұндай ешқандай өзгеріс енгізілмеген.
Бұл туралы бүгін Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Таратылған ақпаратта «…елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін бұрынғыдай стандартты норма – 60 км/сағ. Камералар жылдамдық асырылғанын 70 км/сағ және одан жоғары болғанда ғана тіркейді» делінген.
Полиция азаматтарды тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге шақырып, тек ресми ақпаратқа сүйену қажет екенін ескертеді.

