CaspianLife, 4 қараша. Жасыл көшеттерді отырғызу Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілетін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды.
«Силлено» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция кезінде №42, 43 және 44 мектептердің аумақтарында, сондай-ақ Балықшы ықшамауданындағы саябақта шершавый жөке (вяз), сары акация және ясень көшеттері отырғызылды.
«Бастаманың мақсаты – қаланың экожүйесін жақсарту, тұрғындарға арналған жасыл аймақтарды көбейту және өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Ағаш отырғызу жұмыстарына компания қызметкерлерімен қатар жергілікті мектептердің мұғалімдері де қатысып, туған қаланы көгалдандыру мен көркейтуге өз үлестерін қосты», – делінген хабарламада.

