CaspianLife, 3 қараша. Қазан айында ұлттық қауіпсіздік органдары Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес келетін 83 құқықбұзушылықты тіркеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір ай ішінде келесі фактілер анықталған:
— 189-бап (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) – 12;
— 190-бап (алаяқтық) – 16;
— 195-бап (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру) – 1;
— 206-бап (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) – 1;
— 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) – 2;
— 362-бап (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) – 3;
— 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
— 366-бап (пара алу) – 26;
— 367-бап (пара беру) – 11;
— 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;
— 380-бап (билік өкіліне күш қолдану) – 1;
— 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
— 414-бап (адамды заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау) – 1;
— 433-бап (қылмыстық құқықбұзушылықты жасыру) – 2.
Сондай-ақ осы кезеңде сотқа 54 қылмыстық іс жолданған:
— 147-бап (жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және жеке деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу) – 1;
— 189-бап – 1;
— 190-бап – 17;
— 366-бап – 19;
— 367-бап – 11;
— 368-бап – 5.

