Caspianlife, 24 қазан. Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына зор үлес қосқан, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдық қызметке белсене араласқан бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтарының өкілдері, өндіріс және бизнес саласының қызметкерлері, білім мен ғылым, денсаулық сақтау қызметкерлері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы:
– Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КТ механизаторы М. Қаражұмановқа – агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
– Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ «Шахтинская» шахтасының учаске бастығы С. Чернобайға тау-кен өндірісіндегі жетістіктері мен көпжылдық еңбегі үшін берілді.
«Отан» орденімен – Павлодар облысындағы «Галицкое» ЖШС директоры А. Касицин марапатталды.
«Барыс» орденінің І дәрежесімен – «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Қ. Исаев және журналистика ардагері С. Харченко;
ІІ дәрежесімен – «Ақтоғай» су электр станциясының директоры Т. Баймолдаев, академик О. Сабден, еңбек ардагері Е. Тәжиев, «Алматы әуендері» концерттік оркестрінің бас дирижері М. Серкебаев және басқалар;
ІІІ дәрежесімен – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары А. Алматов пен Н. Измаилов, «Ақсайгазсервис» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Т. Шектебаев, ақын А. Беркенова және басқалар марапатталды.
«Парасат» орденімен елдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосқан белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері марапатталды. Олардың арасында – «Ильинское» ЖШС директоры А. Бурлев, ақын Ғ. Жайлыбай, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» РҚБ мүшесі Т. Хасанов, журналистика ардагері Е. Брусиловская, ШҚО ауруханасының бөлім меңгерушісі М. Башабаев және басқалар бар.
«Достық» ІІ дәрежелі орденімен – Италияның «Social Theater-Camogli» көркемдік жетекшісі Джузеппе Аквавива марапатталды.
«Құрмет» орденімен –
Астана қаласындағы №3 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері М. Абдуов,
«Құмқұдық» ЖШС бас инженері Б. Айтжан,
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы филиалының слесары Г. Жасыбаева,
Ұлттық ядролық орталықтың лаборанты Ю. Карягин,
Орталық мемлекеттік архивтің директоры С. Шілдебай,
актриса Г. Дүсматова,
«Альтернатива» орталығының директоры А. Чеботарев және басқалар бар.
«Ел бірлігі» орденімен ұлт бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан тұлғалар марапатталды:
Шымкенттегі «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Л. Асанов,
Павлодар облысындағы орыс және славян ұйымдарының төрағасы В. Берковский,
«Возрождение» неміс бірлестігінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е. Больгерт,
татар-башқұрт орталығы «Таң» төрағасы Р. Валиев,
өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығы «Достық» төрағасының орынбасары А. Исматуллаев.
«Еңбек даңқы» орденінің ІІІ дәрежесімен – өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы – З. Алтынбаева, А. Алтынбек, Н. Жмеренецкая, Б. Хаджибаев, кәсіпкер және қоғам қайраткері И. Сауэр және басқа азаматтарға берілді.
«Қазақстанның халық жазушысы» атағы – ақын М. Айтқожа мен жазушы Ғ. Қабышұлына,
«Қазақстанның халық әртісі» атағы – Б. Абдилманов, М. Өтекешева, А. Жайымов, Т. Жанқұл, Ш. Жанысбекова, Б. Ыбраев, Қ. Қазақбаева және Р. Машуроваға берілді.
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атақтарына медицина мен ғылым саласының өкілдері ие болды.
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық сыйлық «Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталары атласының» авторлар тобы мен түсті металлургиядағы экологиялық қауіпсіздік зерттеуін жасаған ғалымдарға берілді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлық археолог З. Самашев пен тарихшы М.-Ә. Сыдықназаровқа берілді.
Елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуда, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде ерлік пен батылдық танытқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Даңқ», «Айбын» ордендерімен және «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Айта кетерлігі, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалармен:
– 138 еңбек әулетінің өкілі,
– шамамен 500 өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы қызметкерлері,
– 200-ге жуық кәсіпкер,
– 130-дан астам педагог пен ғалым,
– 100-ден астам медицина қызметкері және басқа да азаматтар марапатталды.
Дереккөз: Akorda.kz

