CaspianLife, 23 қазан. Экономикалық қауіпсіздікті қорғау мақсатында Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен ел аумағынан қара металл сынықтары мен қалдықтарын (пайдалануда болған) экспорттауға уақытша тыйым салынды.
Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, «белгіленген шектеулерге қарамастан, Маңғыстау облысындағы төрт серіктестік бекітілген тәртіпті бұзған. Маңғыстау көлік прокуратурасының бастамасымен мемлекет кірісіне 380 тонна металл сынығы тәркіленді»