CaspianLife, 16 қазан. Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен, Үкімет мүшелері мен өзге де мемлекеттік органдар және ұйым басшылары қатысқан кеңесте Мемлекет басшысының азаматтардың игілігі үшін экономикалық реформаларды іске асыру барысын реттеу жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселесі қаралды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңес қорытындысы бойынша «16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі көтеруге инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін мораторий енгізу туралы шешім қабылданды».
Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен (жанар-жағармаймен) үздіксіз қамтамасыз ету және бағаларды бақылау шараларын қабылдауды тапсырды.