Caspianlife, 23 қыркүйек. Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті нарығындағы жағдайға байланысты «жедел желінің» іске қосылғанын хабарлады. Бұл желі бүкіл республика аумағында жұмыс істейді және азаматтар мен бизнес өкілдеріне қолжетімді.
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «… жедел желіге сиыр еті бағасына, сауда нүктелеріндегі үстеме бағаларға, сондай-ақ өнім жеткізудегі туындаған мәселелерге қатысты сұрақтармен жүгінуге болады» делінген.
Сонымен қатар, жедел желі халықпен және бизнес қауымдастығымен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыру және жергілікті жерлерден түскен сигналдарға дер кезінде жауап беру мақсатында құрылғаны атап өтілді. Аймақтар бойынша ет бағасына қатысты және туындаған мәселелер жөнінде хабарласуға болатын «жедел желі» телефондары жарияланды, соның ішінде Қазақстанның батыс өңірлерінде:
— Ақтөбе облысы: 8 (7132) 54-81-26
— Атырау облысы: 8 (7122) 52-03-91
— Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 50-00-44
— Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-14-34 немесе 8 (7292) 43-01-17