Caspianlife, 18 тамыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдік науқанының басталғанын хабарлады. Жолаушылар 22 қыркүйектен 23 қазанға дейін жеті бағытқа билеттерді жеңілдікпен сатып ала алады. Олардың ішінде:
— № 77/78 «Алматы – Маңғыстау». Вагон түрі: купе (2К). Жеңілдік: жоғарғы орындарға 25%
— № 691/692 «Атырау – Ақтөбе». Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У). Жеңілдік: жоғарғы орындарға 20%
«Жеңілдікпен билеттерді ресми www.bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдардағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Билеттерді пойыз жүрер күнге дейін 45 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі аралықта алуға болады», – делінген хабарламада.
(«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша)