CaspianLife, 5 тамыз. Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда он екі заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланып отырғанын айтты.
«Жаңа мекемелер Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылы мен Екібастұзда салынуы тиіс», – деді министр.